"SUPER МАМАН"

Өз саласында #1 болғысы келетін мамандарға арналған

10 күндік онлайн марафон 

VERSUS АКАДЕМИЯСЫ ЖАЙЛЫ

2016 жылы негізі қаланды

4 600


астам адам біздің тренингтерден өтті

28


түрлі тренинг өткіздік

9 000


дана "Екінші болма" кітабын 6 айда саттық

Марафон жайлы


Марафонның тренингтерден айырмашылығы

Тренингке барған адамдар тек қана ақпарат алады, бірақ оны пайдаланбайды. Ал марафонда сіз бүгін алған ақпаратыңызды, бүгін кешке дейін пайдаланып, тапсырмаларды орындау керексіз.

Марафон қалай өтеді?

Ұзақтығы

10 күн


Бағасы 

7 000 тг


Online арнайы платформада өтеді 


Әр қатысушыға жеке кабинет беріледі 

Ақпарат/Тапсырма/Есеп 


Күн сайын қатысушыларға арнайы ақпарат пен тапсырмалар беріледі. Ал қатысушылар күні бойы сол тапсырманы орындап, кешкі 22.00-де платформадағы жеке кабинетінде есеп тапсырады

Үздік қатысушыларға оnline сертификат беріледі



Онлайн марафоннан сіз не үйренесіз?

Super маман болудың маңызы

- Майерс-Бриггс және басқа да тесттер арқылы кез келген маман өзінің мықты жақтарын анықтай алады;

- Маманның жұмысын жүйеге келтіретін және тиімділігін арттыратын кайдзен жүйесі беріледі;- Күнделікті жұмысыңызды дұрыс жоспарлауды үйренесіз (+даму жоспары);

- Алдына дұрыс мақсат қоя алатын маман - мықты маман, сол себепті мақсат қоюды меңгересіз;

- Дұрыс сұрақ, жарты жауап демекші, қажетті ақпаратты дұрыс іздеуді үйренесіз (қалай?);

- Этикет, басшылармен, әріптестермен дұрыс қарым-қатынас құруды меңгересіз;

- Әр маман өз саласының шебері болуы керек, өзін кәсіби түрде дамытып отыруы қажет, ол үшін қандай кітаптар, тренингтер, курстар оқу керектігін анықтайсыз;

- Компьютер мен смартфонды дұрыс пайдалануды үйренесіз, қызметіңізге пайдалы болатын қосымшаларды жүктеп, пайдаланасыз (evernote, google keep, pomodoro және т.б.);

- Excel, email-мен дұрыс жұмыс жасауды меңгересіз;- Жеке бренді қалыптасқан маман ең көп табыс табатын маман, соның арқасында компанияда көп пайда табады.


"SUPER МАМАН" online марафоны туралы 


Марафонның авторлары кім?

Шынайы кәсіпқойлар командасы

Қуаныш Шонбай

Кәсіпкер, бизнес-тренер

Алматы және Астана қалаларында құрамына 11 мейрамхана кіретін «Rumi Group Management Company» негізін қалаушы, бизнесмен, «Екінші болма! Жеңіске жетудің қазақша жолы» атты кітабының авторы, бизнес-тренер.

Мейірбек Бердібайұлы

"Versus academy" директоры

«Versus» қолданбалы жетістік академясының басшысы, «Barracuda» спорт клубының негізін қалаушы, бизнес-тренер.

«Versus» академясының командасы


Тек өз жұмысын және өз өнімін сүйетін адам ғана, клиентін досы мен серіктесіне айналдыра алады. Біздің команда клиенттермен мүмкіндігінше тығыз қарым-қатынас қалыптастыруға тырысады.

«Super-маман» онлайн марафонына жазылыңыз 

0
:
00
:
00
:
00

Марафонға қатысушылардың пікірі

2000+ риза клиент 

Екінші болма марафоны өз мәресіне жетті. Біз марафонның алғашықы түлектеріміз.

Марафонға Қазақстаннан және өзге мемлекеттерден де қатысушылар қатысты. Қатысушылар саны - 224. Ал тапсырмаларды орындап, өздерін жаңа қырынан танытып, жеңіске жеткен 42 қатысушының қатарында менде бармын. 
Бұл менің жеңімпаз болудағы баспалдақтардың бірі деп білемін.
Марафонда не үйрендім⁉️
✔️дұрыс жоспарлауды, тиімділік неден басталатынын .
✔️ өзімізді қалай брендке айналдыруды, яғни жеке брендинг қалыптастыру ережелерін
✔️жалқаулық пен еріншектіктің айырмашылығын біліп, "momentum" әдісімен біраз жұмыстарымды бітіруді ✔️кешіліктерді анықтап, мойындап, сол кемшілікті жеңуді
✔️"дұрыс сұрақ -жарты жауап" арқылы, қоятын сұрағымыздың маңызын түсінуді
✔️қабілетімізді анықтауды
✔️"networking"- тің маңыздылығын
✔️бір күнде тез оқу принціпімен бір кітап оқуды
✔️youtube желісіне видео түсіріп, қоюды
✔️дұрыс демала білуді.
Жоғарыда аталған дүниелерден болек, іштей сенімділік, батылдық, тартыншақтықты қойып алға ұмьылуды үйрендім.
Осы керемет марафонды ұйымдастырушыларына шексіз алғысымды білдіремін. .👏👏👏


ЖАЗИРА ЕРМАХАНБЕТҚЫЗЫ

Іnstagram: @zhazira_jalgassova

Марафонға қатысар алдында өзімнің инстаграм парақшамда болмады, инстаграмды қолдану ережелерінде білмедім. Бірақ танымал тұлғалардың инстаграмм парақшаларын қалай жүргізетіндеріне, қызықты, көркем, сапалы контенттеріне қызығатынмын. Содан өз алдыма мақсат қойып, Versus академиясының «Қазақша SMM» марафонына қатысуға бел байладым.

Марафонға қатысқалы инстаграм қолданудың түрлі әдістерімен, контентті жоспарлау тәсілімен, парақшаны жүргізу амалдарымен таныстым. Парақшама пост шығарар алдын ойланып, толғанып жазар сөзімді, айтар пікірімді бір саралап, қилы қырмен қарап жазуды қалыптастырдым. Әдемі де көркем суреттерді дайындауды, видеоларды өңдеуді, қай кезде жарнама жасау қажеттігін де үйрендім. Осы алған бір тамшы судай білімді дұрыс қолданып жатқанымның дәлелі ретінде парақшамның күннен күнге жазылушыларымның көбейіп жатқандығы, лайктардың басылып жатқандығы, комментарийлердің жазылуын айта аламын. Достарымның әзіл сөздерін де естідім, осы жолда қолдау көрсетіп жатқын достарым мен жақындарым да таң қалуда. 

Ал ең бастысы мақсатыма жеткенім, инстаграм парақшамды әдемі,көркем, қызықты жүргізуді үйренгенім. Бұл үшін меніңVersusұжымына алғысым шексіз. Бұл ұжымның алар асулары, асар таулары әлі алда екеніне күмәнсіз сенемін. Сіздерге рахмет айтамын!


АЛИМХАН ДОСЫМБЕТОВ 

Instagram: @alimkhan.dossymbetov

Марафонның 14 күні ішінде инстаграм парақшам бірнеше өзгерістер тапты, əрине жақсы жағына. СММның қыр-сырын меңгеріп, білімімізді шыңдадық. Өзге де қатысушылардың мықтылығын сезіндім, бірақ бұл жерде өзгемен емес, ең бастысы мақсат өзіңмен жарысу болды, түрлі тапсырмаларды 12 сағат ішінде орындап шығып, біршама дисциплинаны сезініп, тапсырманы уақытында тапсыру, өзіңді ояту,тапсырманы орындау үшін фантазияңды қосу, іздену, шыңдалу болды, бұрын білмегенді зерттеп, соны меңгеру, өте қызық марафон болды, супер. Осыған дейін қатысқан оңлайн марафондарымның ішіндегі, сондай құлшыныспен қатысқаным осы болды.

Марафонды 200 ге жуық адаммен бастадық, мен соның 40 адам қалғанға дейін болдым, жолда жүрсем де тапсырманы барынша дұрыс орындап тапсыру болды мақсат,себебі ешқандай сылтау қабылданбады. Тек өкінішке орай интернеттің техникалық ақауына байланысты 10 шы күн дегенде, марафоннан шықпасам да,2 ші лигаға өтіп кеттім. Дегенмен 10 шы күнге дейін жеткен мен өзімді осал қатысушы болдым деп есептемеймін, негізі бұл жерге тек жəйдан жəй жүргендер емес, өзін үнемі дамыту, ізденіс үстінде жүрген,білгім келеді, өзгеремін деген ойдағы жандар қатысады, қатысушылардың бəрі бір өзінше, ерекше тұлғалар.
Керемет 14 күндік марафон болды 


ШЫНАР КУРАКОВА 

Instagram: @shynar.kurakova_ipar

МАРАФОН ТАЛАПТАРЫ

Марафонға кімдер қатыса алады?


  • Марафон инстаграм желісінде және арнайы платформада онлайн өтеді. Жер шарының кез келген аумағындағы қазақ тілін білетін кез-келген адам қатыса алады.
  • Жасыңыз, мамандығыңыз маңызды емес.
  • Тапсырмалар көп ізденуді, қимыл-әрекеттерді талап етеді, дайын болуыңыз керек.

Басты талаптарымыз:


  • Қазақ тілін жетік меңгеруңіз керек
  • Телеграм және инстаграм желісімен қолдана білуңіз керек, білмесеңіз үйреніп қарап шығу 1 сағат уақытыңызды алады. 
  • Тапсырмаларды уақытында және толыққанды орындауыңыз керек

Келісім шарт:


  1. Марафон тапсырмаларын орындамаған немесе толыққанды орындамаған жағдайда екінші лигаға өтесіз, ақшаңыз қайтарылмайды
  2. Марафон тапсырмалары қиын немесе ұнамаған жағдайда шығып кетуіңізге болады, бірақ ақшаңыз қайтарылмайды.
  3. Тапсырманы орындай алмай немесе ереже бұзып ойыннан шығып қалған жағдайда 2 сағат ішінде, тек 1 рет қана 2000 теңгеге иммунитет сатып алып қайта бірінші лигаға кіруңізге болады.
  4. Марафонды бірінші лигадан шықпай сәтті аяқтағандарға онлайн сертификат беріледі
  5. Марафонға қатысу 7000 теңге
  6.  Иммунитет алу 2000 теңге

8 (778) 066-66-08

09.00-21.00 аралығында хабарласыңыз