- 1.
Сауданы көтеру
Қазіргі таңда еліміздегі кез келген бизнестің ең әлсіз жері ол сауданың әлсіздігі, нарықта сатуды жақсы меңгерген мамандар үшін талас жүріп жатыр. Себебі, бизнестің дамуына ең алдымен әсер етуші ол әрине сауда. Ал оны қалай көтеруге болатынын тренинг барысында талқылайтын боламыз.
- 2.
Базар деңгейінен шығу
Расы керек көптеген кәсіпкерлер базар деңгейіндегі бизнестен шыға алмай жатыр, жақсы табуы мүмкін, бірақ өздерін қалай дамытуды, бизнесті келесі деңгейге қалай шығаруды білмейді. Егер үлкен деңгейге шығатын бизнес құрғыңыз келсе, бұл тренингтің сізге берер пайдасы зор.
- 3.
Жүйеге келтіру
Бизнес өскен сайын кәсіпкердің бас ауруына айналады, себебі бүкіл бизнес процесстерді жүйеге келтіру уақытын өткізіп алған. Соның салдарынан кезінде ляззат әкелген, энергия берген бизнес кәсіпкер үшін проблемаға айналады. Бизнес сізге рахат әкелуі керек, өз бизнесіңізді сүйуіңіз керек.
4.
Мықты команда құру
Алдымен команда, сосын ғана бизнес идея дейді, кәсіпкерге табыс әкелетін ол адамдар, жалғыздың шаңы шықпас дегендей үлкен бизнес мықты командасыз жүзеге аспайды.
5.
Инвестиция тарту
Бизнес дамыған сайын ертелі кеш міндетті түрде қосымша қаражат қажет болады, оны дұрыс инвесторға көрсете білу, ертең екеулеріңіздің араларыңызда түсінбеушілік туындамас үшін инвестордың тілін түсіне білу керек. Бастапқыда қателік кетсе, сосын үлкен қиындықтарға әкеледі.
6.
Операционкадан шығу
Өз бизнесіне өзі көмілген көп кәсіпкерлерді танимыз, олардың басты проблемасы бизнеске сыртқы көзқараспен қарай алмауы, себебі бизнестің ішінде жүріп өз-өзін көміп алған олар. Оның шешімі - бизнестен әдемі шыға білу керек.
7.
Дамитын бизнес ортаға қосылу
Көптеген жақсы идеяларымыз, бастамаларымыз сол бойы жүзеге аспай өліп қалып жатады, себебі қасымызда қолдау көрсететін, бізге дейін дәл осындай проблемалармен жолығып, оны сәтті шешкен әріптестердің тәжірибесі жетпей жатады. Бизнес ортаның маңыздылығын сезген адам ешқашан жалғыз жүрмес еді.
8.
Бизнес Х2 клубына қосылу мүмкіндігі
Біз көптен күткен бизнес клубымызды ашамыз, оған тек бизнесі бар кәсіпкерлер ғана кіреді, егер сізге осындай бірге дамитын орта қызық болса, біздің қатарымызға қосылыңыз.